Жүктелуде...
Жүктелуде......
Облыстық онкологиялық орталығы
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық онкологиялық орталығы» ШЖҚ МКК+7 (771) 308-43-14
ҚоңырауTelegram

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған

Жоғары контраст
Қара және ақ
Түстерді аударыңыз
Сара фон
Үлкейтілген курсор
Басты бетке қайту
31
қазан
2026
Ашық есіктер күні

ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Өткізілді
09:00–13:00Мекенжайы: Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығы, 1 а шағын аудан, 3 ғимарат
Іс-шара туралы

ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Сіздерді сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау және оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын Ашық есік күніне шақырамыз. 📅 Күні: 31 қазан 2026 жыл🕘 Уақыты: 09:00–13:00📍 Мекенжайы: Маңғыстау облыстық онкологиялық орталық, 1а шағын аудан, 3 ғимарат. 💗 Іс-шара барысында сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға бағытталған медициналық кеңес алуға мүмкіндік бар. 📌 Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келу жеткілікті! Денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз. Ерте анықтау — тиімді емнің маңызды қадамы! Сіздерді күтеміз! 🌸

Фотогалерея
ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Өткен күн туралы

«Қызғылт қазан» айлығы аясында ашық есік күні өтті 2026 жылғы 31 қазанда Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығында сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыру және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 67 пациент медициналық кеңес алды. Оның ішінде 3 пациенттен қатерлі ісікке күдік анықталды. Сонымен қатар, келушілерге қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізілді:🔹 Сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) – 36;🔹 Маммография – 25. Ашық есік күнінің басты мақсаты – сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау, әйелдер денсаулығына жауапкершілікпен қарауды насихаттау және профилактикалық тексерулердің маңыздылығын түсіндіру. 💗 Ерте анықтау – тиімді емнің маңызды қадамы. Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмай, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіз!

БөлісуWhatsAppTelegramVK