РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында әріптесіміз марапатқа ие болды!
Қазақстан Республикасының Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін, бірлігі мен бірегейлігін айқындайтын маңызды мереке. Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілікті, ел игілігі жолында адал еңбек етуді және ортақ жетістіктерімізді бағалайтын ерекше күн.
Осы айтулы мереке қарсаңында Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығының химия терапия бөлімінің аға медбикесі Бисенова Гүлжан Саяновна кәсіби қызметіндегі жауапкершілігі, медицина саласына қосқан үлесі және өз ісіне деген адалдығы үшін марапатталды.
Медицина саласы – жоғары жауапкершілікті, мейірімділікті, төзімділік пен кәсіби біліктілікті талап ететін ерекше сала. Әсіресе, онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету барысында медицина қызметкерлерінің еңбегі мен жанашырлығының маңызы зор. Күнделікті қызметінде науқастарға қолдау көрсетіп, олардың денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Бисенова Гүлжан Саяновнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, кәсіби қызметіңіз жоғары бағалана берсін! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, мол бақыт, еңбекте толағай табыс және абырой биігінен көріне беруіңізге тілектеспіз.
Еліміздің өркендеуі мен халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!
Республика күні құтты болсын! 🇰🇿
Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығының ұжымы.